Берік Уәли сынып ұстазына төсбелгі тақты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
590

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли сынып жетекшісі Зайтуна Мұқажанқызының 80 жасқа толуына байланысты төсбелгі тарту етті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Берік Уәли бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Президенттің баспасөз хатшысы сынып жетекшісіне тілегін арнап жазба қалдырды.

Берік Уәли сынып жетекшісіне төсбелгі тақты.

«Бүгін ұстазым, бізге сынып жетекші болған Зайтуна Мұқажанқызы 80 жасқа толып жатыр. «Бір әріп үйреткен ұстазға өмір бойы тағзым ет!», – демекші білім мен тәрбиені қатар берген ұстазымыз ретінде ол кісіге әрдайым құрметіміз жоғары. Зайтуна апайымыздай ұстаздан тәлім алып, үлкен өмірге қанат қаққан әрбір шәкірт бақытты. Саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, білім көкжиегін кеңейтуге қосқан зор үлесін жадымызда сақтап келеміз. Аяулы ұстазымызды құтттықтап, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан ведомствоның “Еңбек ардагері” төсбелгісін табыс еттім. Бейнеттің зейнетін көріп, ел анасы болып жеткен мерейлі жасы құтты болсын!», - деді Берік Уәли.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...