Дәурен Абаев: «Balapan» арнасы анимациялық күй дәстүрін жалғастырмақ

МУЗЫКА
1712

ҚР Ақпарат және коммуниациялар министрі Дәурен Абаев «Balapan» арнасындағы «Қоңыр қаз» жобасын таныстырды. Министр Фейсбуктегі парақшасында анимациялық туындының видеосымен бөлісті. «Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасы «Қоңыр қаз» жобасын назарларыңызға ұсынады. Жоба арқылы қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Ақсақ құланымен» басталған анимациялық күй дәстүрін қайта жалғамақшымыз. Жоба аясында Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір, Ықылас сияқты дәулескер күйшілеріміздің классикалық туындылары анимацияланады», - деп жазады Дәурен Абаев. «Қоңыр қаз» топтамасы 2D жанрда, еліміздің белгілі мамандарының қатысуымен жүзеге асқан. «Әр бөлімге мәдениеттанушы Зира Наурызбаева арнайы сценарий әзірлеген. Жобаның қоюшы режиссері - Дильшат Рахматуллин. Басты мақсат - Ұлы дала мұрасын ұрпақ санасына сіңіру», - деп жазады министр.

author

Дәурен Абаев

ЖУРНАЛИСТ

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...