Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағына биыл күрделі жөндеу жасалмаған болып шықты

Фото: halyq.uni

Жаңалықтар
229

Астана халықаралық әуежайы биыл да өз күшімен жасалатын жөндеу жұмыстарын жүргізген. Биыл тек жөндеудің ауқымы жылдағыдан біршама артқан, яғни кең спектрді қамтиды. Бұл әуежай басшылығының ресми жауабынан мәлім болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

Әуежай басшылығы жауабына қарағанда, жөндеу жұмыстарында әуе кемелерінің қауіпсіз ұшып-қонуына лайықтап тегістелген.

Әуеайлақ жабыны тегістігі мен жүк көтергіштігін қамтамасыз ету үшін ұшу-қону жолағында қолданыстағы қалыңдығы 70 мм жабынның, қалыңдығы 150 мм жүру жолақтарының, қалыңдығы 100 мм перронның үстіңгі қабаты ауыстырылды, – деп жазылған ресми жауапта.

Сонымен қатар параллель жарық-сигнал беру құралдары жөнделіп, қолданыстағы құралдардың кейбір элементі ауыстырылып, функционалдығы қалпына келтірілген.

Бұл ағымдағы жөндеу, ол өзінің ауқымы бойынша жыл сайынғы жөндеуден айтарлықтай ерекшеленеді, бірақ оны күрделі деп санауға болмайды, – деп жауап қайырды әуежай басшылығы.

Мұның алдында 26 сәуірде ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуге байланысты 1 мамырдан бастап жөндеу жұмыстары басталатыны хабарлаған еді. Одан соң 6 мамырда әлеуметтік желі мен БАҚ-та таралған әуежайда күрделі жөндеудің болмайтыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ал 26 қыркүйекте 1 мамыр-24 желтоқсан аралығына жоспарланған жөндеу жұмыстарының мерзімінен ерте аяқталғанын жариялап, магистраль жолының 26 746,64 ш.м. асфальтбетон жабыны мен ұшу-қону жолағының 53 920 ш.м. асфальтбетон жабыны ауыстырылғанын жазды.

Әуежайдың ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізу үшін бастапқы 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетіні айтылған еді. Бірақ бұл жолғы жөндеу жұмыстарына қанша жұмсалғаны айтылмайды, тек жұмысты әуежайдың сенімді басқарушысы «Terminals Astana Airport Management» ЖШС басқарушы компаниясы толық қаржыландырғаны ғана белгілі. 

Мамандардың айтуынша, әуеайлақтағы ұшу-қону жолағын күрделі жөндегеннен кейін ACN және PCN ұпайлары саналуы керек. Оны тәуелсіз сараптама анықтауға тиіс.

Алайда әуежайдағы жөндеу барысында жабындардың жай-күйін PCN және ACN бойынша бағалау жүргізілмеген. Себебі ағымдағы жөндеуге ол міндетті емес. Мұндай талдау әуеайлақ сертификаттаудан өтіп жатқандықтан керек болып отырғанын мәлімдеді. ACN және PCN талдаулары биыл 24 желтоқсанға дейін аяқталуға тиіс. Қазір оны жүргізетін және соның сараптамалық қорытындысын беретін тәуелсіз ғылыми-зерттеу институты таңдалған. 

Астана әуежайын 2020-2022 жылдар аралығында басқарған Ғабит Тәжімұратов 2022 жылы әуежайды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенін айтқан.

Әуежай да алдыңғы басшылық кезінде ұшу-қону жолағын қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалғанын растады. Алайда мамандардың түрлі тобын тарта отырып, құжаттаманы егжей-тегжейлі талдаған соң, бастапқы жобаны іске асырған жағдайда әуежайдың ұзақ мерзімге жабылатыны немесе қолданыстағы жалғыз ұшу-қону жолағы кем дегенде бірнеше айға жабылатыны анықталған. Бұл елорда әуежайының жұмысы үшін теріс салдарға әкеп соқтырар еді. Сондықтан мемлекеттік органдардың келісімімен әуеайлаққа ағымдық жөндеу жасап, «Әуежайды дамытудың бас жоспарына» кіретін екінші жасанды ұшу-қону жолағы пайдалануға берілгеннен кейін қолданыстағы ЖҰҚЖ-ны қайта жаңартуға оралу туралы шешім қабылданған.

Айта кетейік, мұның алдында авиация сарапшысы Абыл Кекілбаев Астана әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жасалғанына күмән келтірген еді. Соның салдарынан қандай қауіп-қатерге әкелуі мүмкін екенін де айтып берген. Мәселен, ол жолақ 2003 жылы салынған. Одан бері 8-10 жылда ауыстырылып тұру керек болғанымен, ауыстыруға тиіс кемі 2 мерзім өтіп кеткен, қазір үшінші мерзімге кетіп барады.

Бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму, қазіргі Көлік министрі Марат Қарабаев да әуежайындағы қолданыстағы ұшу-қону жолағының жағдайы өте қиын екенін, өйткені жөндеу мерзімі екі рет кешіктірілгенін айтқан болатын

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...