Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке кімдер ерте шыға алатынын а...
Мәжілістің Үкімет сағатындағы талқылауына мұнай-газ тақырыбы арқау болды
Дәл қазір еліміздегі мұнай өңдеу саласында Теңіз, Қарашығанақ, Қашағанның маңызы зор. Осы үш кен орындарын игеруді кеңейту ел экономикасының өсіміне үлкен әсер етеді.
Нәтижесінде Қазақстан мұнай өндіру көлемін 2025 жылға дейін 104 миллион тоннаға жеткізеді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. Қазақстанның мұнай-газ секторын дамытуға қатысты отырыста «қара алтынның» қазіргі жай-күйі мен болашақтағы даму барысы сөз болды. Министр мұнай өңдеу саласына да тоқталды. Мысалы, Павлодар мен Атырау мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау аяқталды. Биыл бұл жұмыс Шымкенттегі зауытта да бітуі тиіс. Енді нарықта мотор отынының импортына тәуелділік азаяды. Сонымен қатар жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы да басталады. Қазір Қазақстандағы 1320 елді мекен көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Жалпы елімізді газдандыру деңгейі 47 пайызды құрайды. Алда Астана мен солтүстік өңірлерге газ жеткізу мәселесі тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Сарыарқа» магистралды газ құбырының жобасы бойынша құрылыс жұмыстары шілде айында басталады. Ұзындығы 1081 шақырым болатын құбырдың алғашқы кезеңі 2019 жылы аяқталады деген жоспар бар. Жоба құны 267,3 миллиард теңгені құрайды.