«Балқарағай» демалыс кешенінде БАҚ өкілдері арасында дәстүрлі садақ атудан «Нысана...
Біз мақтаралдықтармен біргеміз
«Ауыл» партиясының «Біз Мақтаралдықтармен біргеміз» атты қайырымдылық автокеруені Мақтарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарға аттанды. Жүк көліктеріне тиелген 20 тоннадан астам азық-түлік Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апат салдарынан қиындыққа тап болған отандастарымызға таратылады.
Қайырымдылық акциясы «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаевтың бастамасы бойынша қолға алынды. «Ауыл» партиясының барлық аймақтардағы филиалдары партия төрағасының бастамасын қолдап, осындай сын сағатта Мақтаралдықтарға көмек қолын созуға шешім қабылдап, қайырымдылық автокеруенін ұйымдастырып, жедел түрде зардап шеккен аймақтарға ең қажетті азық-түлік түрлерін жіберді.
Партияның Шымкент қаласындағы филиал төрағасы Қанат Досалиев : «Ауыл» партиясы – нағыз патриоттардың партиясы. Дәл бүгінгідей сәтте барлық аймақтардағы филиалдарымыз жұдырықтай жұмылып, осы шараға атсалысуда. Қиындыққа ел болып қарсы тұру, зардап шеккендерге жәрдемдесу - біздің атадан келе жатқан игі салтымыз, Қазақстан халқының ең асыл қасиеттерінің бірі деп есептеймін» деді.