Қазақстанда Түркиялық Гази университетінің филиалы ашылады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жаңалықтар
123

Қазақстанда Гази университетінің филиалын ашу туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркия Жоғары білім кеңесінің президенті Эрол Озвармен онлайн кездесу өткізді, деп мәлімдеді ҒЖБМ.

Кездесу барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Гази университетінің филиалын ашуға қатысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркияның жоғары білім кеңесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. 2022 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ұзақ және сындарлы келіссөздердің нәтижесінде тараптар болашақ филиалда оқытылатын білім беру бағдарламаларын анықтады, – деп қосты ведомство.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Гази университетінің филиалының ашылуы екі елдің академиялық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді. 

Жаңалықтар

Белгісіз біреулер Зерендегі Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішті сындырып, ерін да...

Спорт

Ризабек Айтмұхан үшінші рет әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін белдеседі, деп хабарлады madenipor...