Ұлытау облысы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы талқыланды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2435

Жезқазғанда өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен арнайы кеңес барысында Ұлытау облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кеңейтілген кешенді жоспарының орындалуы талқыланды.


ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың облысымызға жасаған сапары аясында өткен кеңесте құрылыс саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды одан әрі жақсарту, сондай-ақ облыс орталығын дамыту шеңберінде тұрғын үйлер салу туралы сөз болды.

Кеңесте тамыз айында Жезқазған қаласының батыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысына 300 жер учаскесі берілетіні атап өтілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында әлеуметтік саланың жекелеген объектілерін салу мәселелері талқыланды.

Жұмыс барысы жауапты ведомстволар мен басқармалардың қатаң бақылауында. Жобаларды қарап, облыс әкімі өңірді дамытудың кешенді жоспарын іске асыру бекітілген мерзімдерге сәйкес жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...