1 сағат бұрын ескерту алған. Атырау облысында жолапатынан 4 адам көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

Жаңалықтар
516

Атырау-Орал тасжолында бір сағат бұрын жолда ескерту алған жүргізуші жол апатына түсіп төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz Атырау облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.

26 қазанда Атырау облысы Полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Орал тасжолында 4:00 шамасында Ресей елінде тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатып, жол жүрісі ережесінің талаптарын бұзғаны үшін жүргізушісіне хаттама толтырған және түнгі уақытта сақтық шараларына мұқият болу керектігі ескерткен.

"Алайда, ескертулерге қарамастан таңғы сағат 06:00 шамасында Атырау-Орал тасжолында Daewoo Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, көлік толықтай отқа оранды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта атағалған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...