“35 адам зардап шекті”: Жүк көлігі аялдамаға соғылды

Фото: freepik

Жаңалықтар
404

Тель-Авивтің солтүстігіндегі Глилот ауданында жүк көлігі автобус аялдамасына соғылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қайғылы оқиға салдарынан 35 адам зардап шекті, олардың көпшілігі егде тартқан адамдар. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі Тель-Авив маңындағы Глилот жол айрығында автобус аялдамасына соғылған. Әзірге 35 адам зардап шеккені белгілі болды, олардың алтауы ауыр жарақат алған, жағдайы ауыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Автобус аялдамасында адамдарды соққан жүк көлігінің жүргізушісін сол аудандағы қаруланған бейбіт тұрғындар атып тоқтатқан. Полиция теракт әрекетін жоққа шығармайды.

Жаңалықтар

Жаркент балабақшасында шу шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. А...

Жаңалықтар

Алматы облысында Фурманов шыңына бет алған екі жасөспірім адасып кеткен, деп хабарлайды madeniportal...