Қазақстандық Кристина Менисов АҚШ-та өткен байқауда әлеуметтік желідегі жылдың үздік моделі атанды,...
Астанада тұңғыш халықаралық туризм және қонақжайлық университеті алшылмақ
Елордада халықаралық туризм және қонақжайлық университеті ашылмақ.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: - Туристік қартада көрсетілген жерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жобалардың 70%-ы жеке инвесторлардың қаржысына салынады деген үміт бар. 30%-ына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Егер жоспарымыз ойдағыдай іске асатын болса, отандық және шетелден келген туристердің саны 4,2 есе артады. 60 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар 6 миллиард доллар инвестиция тартылады. Бұл жалпы қосылған кұнға жылына 6 жарым миллиард доллар кіріс әкеледі. Туризмді дамытудың тағы бір тиімді тұсы – білікті маман даярлау. Осы мақсатта елордада Туризм және қонақжайлық халықаралық университеті ашылмақ. Мұндағы оқыту жүйесіне әлемдегі ең үздік Зальцбург, АҚШ, Араб Әмірлігі мен Швейцария сынды елдердегі университеттердің тәжіріибелері енгізіледі. Ал түлектеріне халықаралық дәрежедегі диплом беріледі.