Көпқабатты үйде лифт құлап кетті

Сурет: arnapress.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2007

Семей қаласында көпқабатты үйде жеделсаты құлап, 6 адам зардап шекті,  деп хабарлайды madeniportal.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға 8 мамырда болған.

- Сағат 11.40 шамасында Әуезов даңғылы, 3 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте лифт шахтаға құлап кеткен. Лифтке 6 адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген салмақтан асып кету салдарынан лифт кабельдері үзіліп кеткен, - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер қаладағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. Оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Абырай болғанда, оқиға салдарынан қаза болған ешкім жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, - делінген ақпаратта.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Теміртау қаласында екінші қабаттың терезесінен кішкентай қыз құлап кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 шілдеде Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының курсан...