Алматыда көрнекті жазушы, белгілі редактор, журналист Еркінбай Әкімқұловқа ескерткіш тақта орнатылды...
“5 бап бойынша”: Шерзат Болаттың өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: freepik.com
ІІМ 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу барысы туралы хабарлады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Тергеу бес бап бойынша жүргізіліп жатыр - ҚР ҚК-ның 99-бабы, 2-бөлімі ("Адам өлтіру"), 293-бабы, 3-бөлімі ("Бұзақылық"), 115-бабы ("Қорқыту"), 432-бабы ("Қылмысты жасырып қалу") және 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша.
"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Басында әлеуметтік желілерде оқиғаның себептері туралы анық емес ақпараттың кеңінен таралуына байланысты министрлік белгіленген тәртіппен (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес) 15 қазанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді, онда тергеудің кейбір деректері жарияланды", - деді ІІМ басшысы Ержан Сәденов депутаттық сауалға жауабында.
Ол қазіргі уақытта адам өлтірді деген күдікпен 8 адам, ал қылмыс туралы хабарламау туралы бап бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынғанын еске салды.