«Сен өлмеші!»: Жазира Байырбекова қызының қызықты қылықтары жайлы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
451

Танымал әнші қызы - Дараның жүрек елжіретер сөздері мен тәтті қылықтары жайлы жазба жариялаған, деп жазды madeniportal.kz.

“Әкемді сұраған Даратайыма оның қайтыс болғанын айтқанмын. “Әкеңді сағынып жатырсың ба?” деп мені құшақтап, бетімнен сүйіп жылайды. “Сен өлмеші! Алла тағаладан "мамам өлмесін" деп күнде сұрасам, өлмейсің бе?!” дейді. Қайдан естиді мұндайды, білмеймін. Тамағым ауырып тұрса, жағатынын әкеп “дайынсыз ба, емдейін сізді” деп тұрады. “Мына киімді ки, мынаны киме” деп ойларын айтады. Көңіл-күйім болмай, үндемей қалсам, "мама саған не болды?" деп тұрады. 5 жасынан маған мейірімін төгіп жүр ғой. Аллаға шүкір!”, – деп жазды Жазира Байырбекова.

Сондай-ақ өнер иесі қызының өнерге деген қызығушылығы барын да атап өткен.

“Мен оған не істесем, соның бәрін өзіме істейді. Жұмыстан келгенде "Балапаным – балдай" деген әнімді айтып кіретінім бар. Енді өзі балабақшадан келгенде мен үйде болып қалсам, құшағын жайып тұрып сол әнді маған айтады. Қалжыңдары да жеткілікті. Қыздардың бәрі сондай ма?!” – деді әнші. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...