Алдымен мәртебелі қонақ «Астана Опера» театрында П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин...
Бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны қысқартуды ұсынды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияға 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бұл туралы Асхат Аймағамбетов телеграм каналындағы парақшасында жариялады.
Экс-министр қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгізгенін жазды.
"Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жемісті жұмысымыздың арқасында онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша 25 миллиард теңге бөлу туралы түзетуіміз қолдау тапты. Бұл – өте қуанышты және маңызды жаңалық. Айта кету керек, соңғы жылдары онкологияға қарсы күресте Президенттің қолдауының арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Кешенді жоспар бекітілді, және мамандандырылған орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, Ұлттық онкология орталығындағы протондық терапия орталығының құрылысын аяқтауға 4,2 миллиард теңге бөлу туралы ұсынысымыз да қабылданды Қазіргі уақытта Орталық Азияда протондық терапия орталығы жоқ, сондықтан біздің пациенттер қымбат ем алу үшін шетелге баруға мәжбүр", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Қазақстанда бұл орталық жыл сайын 300-ден астам науқасқа өмір сүруге мүмкіндік беріп, шетелде емделуге қажетті үлкен шығындардан босатады.