Түркістанда түркі суретшілерінің симпозиумы басталды

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
3424

Түркістан облысының әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасы және облыстық Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Саммиті аясында «Түркістаным - Тұраным» түркі суретшілерінің симпозиумы басталды.

Суретшілер симпозиумның мақсаты – егемен еліміздің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, ғасырлардан сыр шерткен тарихи қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштерді, тарихи орындар мен ұлттық өнерімізді, өлке табиғатын насихаттау. Cондай-ақ, халықаралық, республикалық дәрежедегі әлемнің үздік суретшілері, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, талантты қылқалам шеберлері, кескіндеме саласы бойынша өзара тәжірибе және пікір алмасуды жүзеге асыру, халықтар арасындағы достық байланыстарын орнату, нығайту, сондай-ақ, тарихи қасиетті де киелі өңірдің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктерін және көз тартарлық орындарын бейнелейтін халықаралық деңгейдегі өнер шығармаларын жасап, халық назарына ұсыну, насихаттау. Бейнелеу өнерінде жаңа көркем бағыттар және пластикалық түстік шешімдер мен формаларды іздестіру. Жазылған жұмыстар арқылы туризмнің дамуына үлес қосу.

Симпозиумға арнайы білімі бар кәсіби суретшілер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Көркем Академиясының мүшелері және өнер профессорларынан бөлек, Түркия, Ресей, Татарстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның бейнелеу өнері саласындағы қайраткерлер қатысуда.

2021 жылғы 24 – 29 мамыр күндері аралығында 29 қылқалам шеберлері 2 шығармашылық топқа бөлініп, табиғат аясында және студияда этюдтік, шығармашылық жұмыстар жасайды.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...