Астананың 20 жылдығына орайластырылған салтанатты шаралар аяқталғанымен, елордалық артистер тағы да...
«Алтын дән» балабақшасының қызметкерлері партиялық марапатқа ие болды
фото: gov.kz
«AMANAT» партиясы Қосшы қалалық «Білім» бастауыш ұйымының «Алтын дән» мемлекеттік балабақша тобында Республика күніне арналған «Мәңгі жаса, қыран елім Қазақстан» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен Республика күні Ұлттық мереке ретінде бекітілгені мәлім. Бұл маңызды шешім халық арасында қызу қолдау тауып, қазіргі таңда бұқаралық сипатқа ие болған. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне орасан зор маңызы бар осынау мерекенің үлкен ұжымда жоғары деңгейде аталып өткені қуантады.
Атаулы күні «Алтын дән» бақшасына көптеген қонақтар келіп, ғимараттың ішіне экскурсия жасап, тәрбиеленушілерімен кездесіп, әңгімелесті.
Балабақшада ұлтымыздың ұлық мерекесіне тұспа тұс «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында салтанатты түрде арнайы түзету тобы ашылды. Саяси ұйымның Қосшы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Рақымжан Сейдахметов пен «Білім» бастауыш партия ұйымының төрайымы, қала бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Гаухар Мейрманова жаңадан ашылған топтың лентасын қиып, оның жұмысына сәттілік тіледі.
Іс-шара балабақша ұжымының және тәрбиеленуші балалапандардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ұжымның әжелер ансамблі әндетіп жатса, педагогтар хор айтып, балалалар би билеп, ән салып, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңына "AMANAT" партиясының қолдауымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне орай бірқатар қызметкерлер Алғыс хаттарымен марапатталды. Ал «Алтын дән» мемлекеттік балабақша партиялық тобының меңгерушісі Фарида Даримова Республика күніне орай Астана қаласында «AMANAT» партиясының орталық аппаратында өткен жиынында партияның жоғарғы марапаты – «Белсенді қызметі үшін»төсбелгісін иеленді.
Рақымжан Сейдахметов