Алматыда «Ақтастағы Ахико» тарихи фильмінің түсірілімі жалғасып жатыр. Тұтқынға түсіп, ө...
«Роскосмос» Илон Маск пен Джефф Безосты Байқоңырға шақырмақшы
Қазан айының 5-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ерекше экипажы бар «Союз МС-19» кемесін ұшыру жоспарланып отыр. «Ерекше экипаж» орбитада көркем фильм түсірмекші.
Ресейлік арналардың бірі осы шараға дайындық қалай жүріп жатқаны туралы сюжет шығарды. Сюжетте «Вызов» атты фильм ресейлік «Роскосмос» мекемесі мен ресейлік телеарнаның бірлескен ағартушылық жобасы ретінде таныстырылған.
Дайындық аясында кеме командирі, ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров, әртіс Юлия Пересильд, режиссер және оператор Клим Шипенко халықаралық ғарыш стансасына ұшатын костюммен жаттығулар өткізіп жүргені сюжетте кеңінен көрсетілген.
«Шамамен бір айдан соң орбитаға шығамыз. Түсірілім тобы ғарыш станциясында 12 күн болады. Осы уақыт ішінде фильмнің үштен бір бөлігін түсіру керек. Бұл шамамен 40 минут», - тележүргізушісі.
Ұйымдастырушылар экипажды орбитаға шығарып салу салтанатына Илон Маск, Ричард Бренсон мен Джефф Базосты шақырған.
«Мен бүгін Илон Маска мырзаға арнайы шақыру жолдаймын. Әрине, Брэнсон және Безос мырзаны да шақырғымыз келеді. Ғаламат үш ғарыш энтузиасті біздің жобаға Байқоңыр төрінде куә болса, керемет болар еді», - дейді ресейлік «Роскосмос» мекемесінің басшысы.