Қолдан жасалған шие шарабын ішемін деп, өлім аузынан қалды

Фото: №7 қалалық ауруханасы

Жаңалықтар
450

Алматы қаласының №7 қалалық ауруханасының реаниматологтары құрамында сүйегі бар қолдан жасалған шие шарабын ішіп, комаға түскен науқасты өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасы комаға түскен жігітті жеткізді.

Аурухана қызметкерлерінің хабарлауынша, реанимациялық бригада дереу іске көшті. Науқастың 33 жаста екені анықталды, оны есінен танып жатқан жерде туыстары тауып алған, алайда мұндай күйге не себепті түскенін ешкім білмеген. Қажетті түрлі талдаулар алынды, оның ағзасында есірткі заттарының бар-жоғын анықталды. Пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер уақытылы интенсивті терапияны бастаған. Күні бойы мамандар оның жағдайын мұқият бақылап, улану себебін анықтау үшін сынақтар жүргізді.

Токсикологияның нәтижелері келді: есірткі заттары табылған жоқ. Таңертең науқас есін жиып, сұрақтарға жауап берді, - деді реаниматолог Клара Жармағамбетова.

Дәрігерлермен әңгімелесу барысында ер адам осы оқиғаның алдында ішінде сүйегі бар бір стақан шие шарабын ішкенін айтты. Шие сүйегінде амигдалин гликозиді бар, ол асқазан сөлінің әсерінен гидроциан қышқылын, яғни ең күшті у бөледі.

Тұнбада немесе үй шарабында гидроциан қышқылы көп мөлшерде болуы мүмкін, сондықтан шие сүйегін жұтып қоймауға кеңес береміз, - деп ескертті дәрігер.

Статистикаға сәйкес гидроциан қышқылынан улану салдарынан 78 пайыз жағдайда адамды өлім құшады. Алайда бұл жағдайда ер адамның жолы болып, туыстары уақытында тауып, қажетті медициналық көмек алды. 

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...