Ақтөбе облысында 866 шақырым автожол жөнделеді

gov.kz

Жаңалықтар
529

Биыл өңірде 322 шақырым республикалық және 544 шақырым жергілікті маңызы бар автожол, оның ішінде 175 шақырым көше жолы жөнделеді. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 80%-ға жетеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Мәдениет порталы хабарлайды. 

Облыс әкімі Асхат Шахаров қаланы аралап, Мәңгілік ел, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Жұбанова және Кірпіштідегі көшелерге жол салып жатқан мердігерлермен кездесті. Жұмыс қарқынымен танысты. Өңірде биыл қанша жол қалпына келтіріліп, жөнделетіні туралы айтып берді.

2024 жылы аймақта «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» халықаралық маңызы бар тасжолын қайта жаңарту маңызды жобасы басталды. Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын жол 7 учаскеге бөлінген. Биыл құрылыс жұмыстары 2 учаскеде жүргізіледі, оның ұзындығы – 56 шақырым. Бұл мақсатқа 16 млрд теңге бөлінді. Жол төрт жолақты болады.

Бұдан өзге, «Қандыағаш – Ембі – Шалқар» трассасын жөндеу биыл аяқталады деген жоспар бар.

Сонымен қатар, аудан орталықтары мен елді мекендерде 105 көше немесе 91 шақырымдық ауылішілік жол жаңа күйге енеді.

Облыс орталығында 80 шақырымнан астам жол жөнделеді. Қазіргі уақытта Ақтөбедегі Мәскеу ауданындағы жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарда биыл аяқталады. Сондай-ақ, Алтын Орда шағын ауданында Сәңкібай батыр даңғылынан Оңтүстік айналма жолға дейін төрт жолақты айналма жол салынады. Сол учаскеден Мәңгілік ел көшесінің жолын салу жалғасады. Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан мектептерге кіреберіс және тұрғын алаптары жолдарының құрылысы басталады. Жөндеу республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады.

«Ақтөбе қаласында 198 көшені жөндеуге шарт жасалды. Дегенмен, бұның бәрі биыл пайдалануға беріледі дегенді білдірмейді. Біз алдымен, қоғамдық көлік жүретін жолдарды және оқу орындарының кіреберіс жолдарын ретке келтіреміз. Сондай-ақ, облыс орталығындағы тағы 18 көшені жөндеу үшін келісімшартқа қол қою жоспарлануда. Оған 7 миллиард теңге қажет. Орташа жөндеуді қажет ететінтасжолдарда да жұмысты жүргізу керек. Қаражаттың мүмкіндігіне қарай, жұмысты жалғастырамыз», - деп қорытындылады облыс әкімі.

Жаңалықтар

Бүгін елімізде атом электр станциясының құрылысына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр, деп...

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...