"Зымыран тасығыштың материалдары мен компоненттерін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қатты зымыран отынының прототипі жасалды. Метеорологиялық зымыранды ұшыру 2025 жылы және аса жеңіл зымыранды сынау 2030 жылға жоспарланған", - деді Жаслан Мәдиев Сенаттың пленарлық отырысында.
Бұдан басқа, 2029 жылға қарай спутниктік байланыс және ТВ-хабар тарату желілерінің үздіксіз сервисін қамтамасыз ету үшін KazSat-3 байланыс спутнигін ауыстыру жоспарланған. Жобалау алдындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, спутникті құруға келісімшартқа қол қою 2025 жылға жоспарланған.
"2027 жылы ұшыру жоспарланып отырған үш орташа ажыратымдылықтағы спутникті құруға келісімшартқа қол қойылды. Сондай-ақ, Моңғолиямен спутник өндіруге экспортқа келісімшартқа қол қойылды", - деп толықтырды Жаслан Мәдиев.