2018 жылдың 13 наурызы ҚР Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған брі топ шенді...
Қазақстанда діни некенің заңды күші бар ма?
Фото: kazinform
ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында діни некенің заңды күші жоқ екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Өздеріңіздің тараптарыңыздан жиі қойылатын тағы бір сауал - діни неке мәселесі. Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде бекітеді және оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені белгілі», - дейді Талғат Уәли.
Ол атағандай, кодекстің 2-бабына сәйкес тек арнайы уәкілетті органдарда тіркеуден өткен неке ғана заңды деп танылады.
«Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. «Сожительство», яғни ері мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс», - дейді ол.