«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы құрылды

РУХАНИЯТ
5366


Елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ашылу салтанаты өтті.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі отандық ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. 

«Алға қойған мақсат - өте күрделі, өте маңызды. Неге десеңіздер, біз қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес, латын әліпбиіне көшу жұмысын міндетті түрде іске асыруымыз керек. Сол атқарылар шаруалардың үлкен ауыртпашылығы да осы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына түседі. Сол орталықтың жұмысына әрине, біз үлкен жеміс тілейміз. Орталықты басқаруға еліміздің белгілі азаматы, дүниежүзіне танымал ғалым, Сенат депутаты болған, қазіргі кезде де еліміздегі үлкен шараларға атсалысып жүрген профессор Ғарифолла Есім ағамызды шақырып отырмыз», - деді орталықтың ашылуында Арыстанбек Мұхамедиұлы. 



Министр орталықты басқаруға келісім берген Ғарифолла Есімге алғысын білдірді. Өз кезегінде философия ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есім орталықтың ашылуына келген барлық азаматтарға рахмет айтты. «Елбасының тікелей айтуымен Үкімет «Тіл-Қазына» коммерциялық емес орталығын құрды. Ең бастысы - Елбасына ризашылығымызды білдіруіміз керек. Ол кісі өткен жылы үш нәрсе барын атады: бірінші - Тәуелсіздік, екінші - Астана, үшінші - латын әліпбиі өтуіміз. Бұл қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі - ірі мәдени-тарихи шара деп түсінеміз. Тілдің тәуелсіздігі осы ма деп ойлаймын. Өйткені, өзіміздің жазуымыз болады. Ел есін жинап, халық болып жетілген кезде өзін бір бекзаттық жолға қарай ынталандырады. Яғни, тәуелсіз, өзін-өзі жеткізе алатын дәрежеге жетуі керек. Демек, қазақтың латынға өтуі де маңызды. Біз әрине мамандармен, үлкен ағалармен ақылдаса отырып, депутаттармен кеңесіп, ылғи мәселелерді көтеріп отырамыз. Бір аңғарғаным - осы іс ағынды су секілді жүріп кетеді деп те айта алмаймын. Ағынды суда бөгет жатуы мүмкін. Сол мәселелерді қалай алып кете аламыз? Бұның бәрі осындағы және облыстардағы зиялы қауымға байланысты», - деді Ғарифолла Есім. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығын қайта құру арқылы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығын құрып отыр. Орталық латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін көшіру бойынша ведомствоаралық жұмыстарды үйлестіруді, филология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ, орфографиялық ережелерді дайындауды, оларды апробациядан өткізу, мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ететін болады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...