Ақпанның 12-сінен бастап жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнына қоғамдық талқылаулар жүргізіліп ж...
Алматылық жігіт Астанада кездейсоқ таныстықтан кейін ақшасынан айырылды
Фото: ашық дереккөзден
Астанаға келген 21 жастағы алматылық жас жігіт кездейсоқ таныстықтан кейін қомақты ақшасынан айырылып қалды. Оқиға түнгі мекемелердің бірінде болған, деп хабарлайды madeniportal.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жігіт сол жерде жаңа танысқан қызбен сөйлесіп, бірге көңіл көтеруге барған. Бірнеше сағаттан кейін олар қонақ үйге бет алды, ал жігіт сол жерде кездейсоқ 10 мың АҚШ долларын көрсетіп қойған.
Түннің соңында жігіт ұйқыға кеткенде, қыз оның 7200 долларын алып, қонақ үйден шығып кеткен. Жігіт ақшасының жоғалғанын білген сәтте дереу полицияға хабарласқан. "Есіл" аудандық полиция бөлімі жедел іздестіру шараларын өткізіп, бір тәулік ішінде күдіктіні қолға түсірді.
25 жастағы қыз ұрлық жасағанын мойындап, полиция қаражаттың бір бөлігін тәркіледі.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауға, бейтаныс адамдарға сенім артпауға кеңес береді. Қоғамдық орындарда құнды заттар мен ірі сомаларды көрсетпеуді ескертеді.