2024 жылдың алты айында Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі гидрометеорол...
Ермек Тұрсынов: “ Бармаңдар Қоянбаевтың киноларына деп қанша жылдан бері айтып келе жатырмын”
Фото: инстаграм парақшасынан
Танымал режиссер Ермек Тұрсынов күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Кейбіреулер сен неге қазаққа тіл тигізесің дейді. Кімге енді тіл тігізуім керек? Орысқа ма, неміске ме? Өзім қазақ болғаннан кейін, әрине, қазаққа тіл тигізесің. Сен неге жалқаусың? Сен неге надансың? Неге сонша құдайшыл болып кеттің, аяқ астынан… Ешқашан ондай болмаған, мен де ауылда өстім. Дастарханның басында ешқашан молда отырмаған, ақсақалдар, үлкендер отыратын. Той болса да, өлім-жітім болса да, ақсақал бастайды да, ақсақал бітіреді. Соңғы сөз ақсақалға беріледі. Еліктемеңдер, жынды болмаңдар, тобыр болмаңдар, кітап оқыңдар. Дұрыс кітап оқыңдар, дұрыс кино көріңдер. Бармаңдар Қоянбаевтың киноларына деп қанша жылдан бері айтып келе жатырмын, бірақ мені тыңдайтын адам жоқ қой, – деді Тұрсынов.
Режиссер қазіргі жас буын өздерін мазалаған сұрақтың жауабын діннен іздейтініне, жөн сілтеп, сөз айтатын ақсақалдар қалмады деп қынжылатынын айтты.
Біздің жастар шындықты іздеп жүр. Рухани кедейлік… Шындықты діннен тауып жатыр, өйткені олардың сұрақтары көп, ал исламда жауап көп. Кез келген сұраққа жауап дайын тұрады. Дін деген де ол да бір бөлек идеология… Өте мықты, көне заманнан келе жатқан дайын жауаптар бар кез келген сұраққа. Ал, біздің билікте, ал біздің қазіргі ақсақалдарда, ақсақалдардың өзі де жоқ қой, шалдар көп. Оларда ондай дайын жауап жоқ. Сөз айтатын ақсақал қалмады бізде… Ақсақалдар былай тұрсын, бір лауазымды, бетке ұстар азаматтар, сенетін, көпті көрген, ондай азаматтар жоқтың қасы… Көбісі сол дін жолына кетіп қалды… Олар адасып жүр деп айта алмаймын, бірақ өздерінің осындай бір жолын тауып алды. Ал, қалғандары жүр, тиктокта, инстаграмда…Сондықтан біз қазір жас буынды жоғалтып алдық, — деді режиссер.