Лондондағы кинофестивальде қазақ режиссері үздік атанды

КИНО
4862

Отандық режиссер Шарипа Уразбаева Лондонда өткен 22-халықаралық «Rainbow Film Festival» кинофестивалінде «үздік режиссер әйел» атанды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Бұл атақ режиссерге «Мариям» фильмі үшін берілді.

Фильм шалғайдағы ауылда қыстап қалған Мариям атты әйел туралы. Ол — төрт баланың анасы, күйеуі отбасыны асыраймын деп кеткеннен оралмаған.

«Күтпеген жаңалық. Лондондағы кинофестивальде үздік режиссер әйел атандым», — деп жазыпты Шарипа Уразбаева Instagram желісіндегі парақшасында.

"Мәдениет порталы" ұжымы Шарипа Уразбаеваны жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...