«54 млрд берешегі бар»: 18 мыңға жуық адам банкрот деп танылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
426

Жалпы сомасы 40 млрд теңге берешегі бар 17,9 мың азамат банкрот деп танылды, деп хабарлады madeniportal.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

2023 жылғы 3 наурыздан бастап соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 131 мыңнан астам өтініш түсті, 6,6 мың мемлекеттік кірістер органдарында қаралуда, 8 мың азаматқа қатысты рәсім жүргізіліп, 2 мыңнан астам азаматтың ісі тоқтатылды, 215 адамның өтініші кері қайтарылды.

 «96 мың өтініш бойынша рәсімді қолданудан бас тартылды. Бас тартудың себептері банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмеуі болып табылады, атап айтқанда: 12 айға кешіктірілуіне байланысты 69 мың өтініш, соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізімінде кредиторлардың болмауына байланысты 42 мың өтініш, мүліктің болуына байланысты - 39 мың, 28 мың  адамда несие берушімен өзара реттеуді жүргізу фактісін растайтын құжаты болмады, 8,9 мың өтініш 1,6 мың АЕК сомасындағы берешек шегінен асып түсті. Көріп отырғанымыздай, азаматтар негізгі критерийлерді біле отырып, өтініш береді, салдарынан оларға қатысты теріс шешім қабылданады», – деп атап өтті ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде. 

Сот банкроттығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға 3,5 мыңнан астам азамат жүгінді. 131 борышкерге қатысты жұмыс жүргізілуде.

Сот банкроттығы шеңберінде 13,6 млрд теңге сомасына 45 адам банкрот деп танылды. 1 азаматтың 10 млн теңге көлеміндегі төлем қабілеттілігі қалпына келтірілді. Банкроттықтың екі рәсімі шеңберінде барлығы 54 млрд теңгеге жуық берешегі бар 17,8 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...