Соңғы екі күнде мамандар 60-қа жуық қанаттының өлексесін анықтаған. Барлығы қаладағы мұнай өңдеу зау...
Полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды
Сурет: ІІМ
Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкері суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады madeniportal.kz.
"Полиция қызметкері Мұхан Батыр әдеттегідей әріптестері криминалист Башаров Абзал және тергеуші Бахилов Нұрдәулетпен бірге жедел-тергеу тобы құрамында шақыруға шыққан. Теміржол бойымен келе жатып кенеттен су арнасы орналасқан жақтан кішкентай қыздың айқайлап, көмекке шақырып жатқан дауысын естіді. Полицейлер дереу оқиға орнына жетіп, суға батып бара жатқан әйелді байқады", - делінген ІІМ Баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жедел уәкіл Б.Мұхан адамды құтқару үшін ойланбастан бірден суға секірді. Тәртіп сақшысы жүзіп барып, жәбірленушіні аман-есен жағаға шығарып, алғашқы көмек көрсеткен. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келісімен оны дәрігерлерге тапсырған.
– Қызым екеуміз шомылып келмек болғанбыз. Суда жүргенде аяғымның сіңірі тартылып, суға бата бастадым. Содан кейін ештеңе есімде жоқ. Көзімді ашсам полиция қызметкері мені судан жағаға шығарып, көмек көрсетіп жатыр екен. Алғысым шексіз, өмірімді сақтап қалғаны үшін полиция қызметкеріне ризашылығымды білдіріп, алғысымды айтамын, – дейді Шу қаласының тұрғыны.