Ұлытау облысы Жаңарқа ауданындағы мәселені Парламентте депутат Аманжол Әлтаев көтерді, деп хабар...
«Әйелімді аман алып қала алмадым»: Қарызға батқан жалғызбасты әкеге көмек көрсетілді
Сурет: inbusiness.kz
833
Бетперде таққан белгісіз жігіт тағы бір адамның қуанышына себепкер болды, деп хабарлады madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол бұл жолы жалғызбасты әкеге көмектесті. Ер адам әйелінің еміне қанша қарыз алып, аман алып қалуға тырысқанымен қолынан келмегенін айтып, көзіне жас алды.
Бүгінде кәмелет жасқа толмаған екі баласы тігін шеберханасында жұмыс істеп жүр. Ал өзі lll топ мүгедегі болғанына қарамастан қоқыс жинап, еңбек етеді.
«Дәрігерлер әйелімнің екі төсін де алып тастады. Ота жасалды. Мен қарызға баттым. Әйелімді ажалдан арашалай алмадым. Оны қатты жақсы көргенімді енді түсініп жатырмын. Олсыз үйіміз қаңырап қалды», – дейді жалғызбасты әке.