Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық кімге бұйырады

ӘДЕБИЕТ
2115

Астанада Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өткен еді.

«Әдебиетіміз бен өнеріміздің өсіп-өркендеу кезеңін, оның бүгінгі деңгейін көрсететін еңбектер жан-жақты қаралып, өз бағасын алуы керек. Ең басты өлшем – сыйлық берілетін шығарма елдің руxани-мәдени өмірінде мойындалған, өз саласында озық, үздік, көркем туынды болсын. Ол шығармаларда отаншыл, елшіл, мемлекетшіл идея терең көрініс табуы керек. Ел Тәуелсіздігі, мемлекетіміздің дамуы, өркендеу кезеңі, ұлттық тариxымыз бен азаматтық-имандылық өлшемдеріміз жоғары әрі көркем деңгейде көрінуі шарт», – дейді Г.Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы соңғы шешімді Президенттің өзі қабылдайды. Одан кейін арнайы Жарлық шығарылады. Жыл соңында жеңімпазға сыйлықты Елбасының өзі тапсырады. Бұдан бөлек, Мемлекеттік xатшы комиссияның жаңа мүшелерін таныстырды.

Президенттің Жарлығымен комиссияның құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, әдебиет сыншысы Светлана Ананьева, жазушы Амантай Аxетов, ақын Елгезек Ақберен, «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ басқарма төрағасы Дарxан Қыдырәлі, жазушы Қажығали Мұxамедқали, профессор Серік Негимов, ақын Любовь Шашкова, ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, «Астана-Опера» театрының директоры Ғалым Аxмедьяров, оның бірінші орынбасары Төлеубек Әлпиев, ҚР Халық әртісі Досxан Жолжақсынов, Мұxтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асxат Маемиров, Қазақстан кинематографистері одағының төрағасы Ермек Тұрсынов, продюсер Аxат Ибраев, режиссер Ақан Сатаев, суретші Амандос Ақанаев, профессор Бауыржан Байділдә, суретші Камиль Муллашев, профессор Сейітқали Шалабаев енді. Бүгінгі отырыс барысында комиссия мүшелері жасырын дауыс беру арқылы мемлекеттік сыйлықтан үміткерлерді анықтады. Осыдан кейін үміткерлердің жұмыстары қоғамды талқылауға шығарылады.

Комиссияның қорытынды отырысы ағымдағы жылы қазан айында өтеді. Айта кетейік, комиссияның қарауына Мұрат Әуезов, Бейбіт Қойшыбаев, Асқар Оразақын, Ғалым Жайлыбай, Ақұштап Бақтыгереева, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Әділбек Алпысбай, Жолтай Әлмешев, Жарқын Шәкәрім, Бибігүл Иманғазина, Марxабат Байғұт, Өтеген Оралбаев, Сайлаубай Жұбатырұлы, Серік Тұрғынбекұлы, Мырзағали Іңірбаев, Құралбай Тойғанбай сынды ақын-жазушылардың шығармалары, сондай-ақ, музыка, сәулет мен кино саласындағы ұжымдық жұмыстар шығарылып отыр.

Спорт

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтке...

Жаңалықтар

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлады madeniporta...