Бастығының үйін өртеп жіберген жедел жәрдем жүргізушісі сотталды

Фото: inform.kz

Жаңалықтар
182

Ақтөбе қаласының №2 сотында әріптесінің үйін өртеген жедел жәрдем жүргізушісі 3 жылға сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сотталушы жұмыс барысында бастығының еңбек демалысын бермегеніне ашуланған. Кейін ол өзінде оның пәтерінің қосымша кілті бар екені есіне түсіп, сол үйге өрт қояды.

Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен соттаушы Е. кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада. 

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...