Әлеуметтік кәсіпкерлік: Баянауыл жастары велотуризмнің арқасында ақша табуда

Жаңалықтар
926

Павлодар облысындағы ауыл интернатының жас педагогтері спорттық туризм мен велопрокат ұйымдастырды. Осылайша оқушыларға, зейнеткерлерге ақша табуға мүмкіндік жасап, оқу орнының материалдық базасын кеңейтті.

«Аталмыш жоба бұл салаға әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған халық санатына жататын зейнеткерлерді, жалғызбасты аналарды, оқушылар мен жастарды тартуды көздейтін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік берді. Оған Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатынан оқушылар мен зейнеткерлер қатысты», - деді Павлодар облысы білім басқармасының өкілі. 

Сондай-ақ, аталмыш қозғалыстың белсенділері экологиялық акциялар барысында Сабындыкөл мен Жасыбай өзендерінің орталық жағажайларының, ормандар мен бұлақтарының, Баянауылдың киелі жерлерінің маңайларын қоқыстан тазартты. 

Жастар Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы велотуризмді дамыту бойынша жұмыстарды 2017 жылы бастаған. Ол кезде Ш. Айманов атындағы мектеп-интернаты «Самұрық Қазына» АҚ-ның «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына қатысып, әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпазы атанған. Оқу орны бір миллион теңге көлемінде грант жеңіп алды. 

«Жоба авторлары бөлінген қаражатқа он бес велосипед сатып алып, Баянауылдағы экологиялық велотуризм жобасын бастап кетті. Жобаның мақсаты: экологиялық велотуризмді дамыту, табиғат аясында экология, биология, география бойынша теориялық және практикалық сабақтарды, Баянауылдың тұрғындары мен қонақтарының бос уақыттарын ұйымдастыру, ластанған аймақтарды велодесанттың көмегімен қоқыстан тазарту, мектеп-интернатының білім алушыларына қаржылық пайда табу мүмкіндігін жасау және салауатты өмір салтын сақтау», - деді білім басқармасындағылар.  

Madeniet.kz

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...