Пәкістанның Кветта қаласында теміржол вокзалы маңында жарылыс болып, кемінде 24 адам қаза тауып, 40-...
Ташкентте бокстан Әлем чемпионаты басталды
Ташкентте бокстан әлем чемпионаты басталды. Жүлде қоры 5 млн доллардан асатын бәсекеге 104 мемлекеттен 640 спортшы жиналды. Соның ішінде 7 бірдей жаһан чемпионы бар.
Қазақстандық Сәкен Бибосынов – басты фавориттердің бірі. Ол финалда байырғы қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жолығуы мүмкін. Жарыстың алғашқы күні рингке 2 отандасымыз шығады. Талғат Сырымбетов пен Айбек Оралбай бүгін өз бәсекелерін өткізеді. Бірі таиландтық, екіншісі болгариялық боксшымен қолғап түйістіреді. Қазақстандық боксшылар барлық 13 салмақта өнер көрсетеді.
Құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен Токио олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев қатарда. Жарыста бірінші орын алғандар 200 мың доллар еншілейді. Екіншіге 100 және үшінші тұғырдан көрінген спортшыға 50 мың доллар беріледі.
Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов: - Жеребе біреуге ауыр, біреуге жеңіл деп айтылады. Қандайы түссе де, сапалы дайындықпен келді. Қазақстаннан бірінші боп шығып, жақсы бастаса дейміз. Неге десеңіз, ол – үлкен жауапкершілік. Сол себепті жақсылап дайындап шығарамыз. Алла қаласа, жеңіспен басталса, әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз, - деді.