“Тұман, жел”: 18 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
133

Еліміздің біраз өңірінде күн райы жауын-шашынсыз болып, сынап бағаны +15°C дейін көтеріледі, бірақ тұман болады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

▫️Астанада ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз: 0...-2°С.

▫️Алматыда түнде: 0...+ 2°С, күндіз: +8...+10°С.

▫️Шымкентте  түнде +3...+5°С, күндіз: +14...+16°С.

Қазгидромет мына өңірлерде дауылды ескерту жариялады.

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескерту сақталып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігіне, таулы аудандарына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады.

 

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...