«Бәрімізге қатысты» орталығы БҚО-ға гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жіберді

Бейнежазбадан

Жаңалықтар
580

«Бәрімізге қатысты» орталығы су астында қалған Орал өңіріне гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жіберді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Азық-түлік өнімдерін, тұрмыстық химияны, жылытқыштарды, жастықтар мен көрпелерді, киім-кешек пен аяқ киімді, балаларға арналған заттарды, бөтелкедегі суды, құрал-жабдықты, еріктілерге арналған сөмкелер мен қолғаптарды Жаңа Адамдармен бірге жинауға Орал халқы мен Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында білім алушылар қолғабыс етті.

"Бәрімізге қатысты" орталықтарында зардап шеккен аймақтардағы адамдарға көмектесу үшін еріктілер топтары құрылуда. Қазір “жағдайға немқұрайлы емес” адамдар арасынан Петропавл аймағына көмек қолын созу үшін еріктілер тобы жиналуда.

Бізге қосылу үшін мына нөмірге қоңырау шалыңыз: 8 707 070 40 50.

"Бәрімізге қатысты" орталықтарына келіңіз: Астана- Мәңгілік Ел, В2.2 Алматы- Байтұрсынова, 67, делінген "Бәрімізге қатысты" орталығы таратқан хабарламада.

 

 

Жаңалықтар

Биыл Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшул...