3 шілде, 2018. Астана. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен &la...
“Дәріханаларды тексеру”: 191 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Фото: freepik.com
291
ІІМ ел аумағында жоспардан тыс «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Прекурсорлар мен медициналық препараттарды қолданатын мыңнан астам ұйым, оның ішінде 721 дәріхана, 77 қойма, 159 емдеу-профилактикалық мекемеcі және 129 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілген. Нәтижесінде, 3000 тоннадан астам синтетикалық есірткі өндіруде қолданатын тауарлар айналымы шектелді.
191 лауазымды тұлға, оның ішінде 108 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сақтау шарттары бұзылған 44 мың таблетка және 14 мың ампула психоактивтік препараттар айналымы шектелді. Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында бес қылмыстық құқықбұзушылық анықталды.