Күні кеше күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Испанияда өткен әлем біріншілігінде...
Дәурен Абаев: Тегін мәдени үйірмелер жабылмайды
ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев тегін мәдени үйірмелер бойынша туындаған проблема туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. «Бұл мәселе жұмыс істеп тұр. Тек 2-3 облыста ғана өтінімдердің көп келуінен проблема туындады. Үйірмеге қатысқысы келетіндердің саны жоспардағыдан көп болып шыққан. Бұл жерде мәселені шешудің бір жолы ғана бар. Біз қаржыландыру көлемін ұлғайтамыз. Бағдарлама әрі қарай жұмыс істей береді», - деді ведомство басшысы.
Оның мәліметі бойынша, аталған үйірмелерге бөлінуі тиіс қаражаттың нақты көлемі мен мерзімін жергілікті әкімдіктер есептеп, анықтайды. «Мәселе қаржыда емес, тегін үйірме қызметін ұсынудың шарттарын реттеуге келіп тіреліп тұр. Үкімет отырысында айтқанымдай, құжатта бар, нақты өмірде жоқ жандар пайда болып жатыр. Сондықтан бұл мәселені жуық арада шешуіміз керек. Бүгінге дейін бұл бағдарламаның мүмкіндігін 500 мың бала пайдаланып үлгерген. Меніңше, бұл тамаша көрсеткіш. Яғни, тегін үйірмелер жабылмайды», - деді Дәурен Абаев.