«Ешқашан жеңіске жетпейді»: Ресейлік футболшы Қазақстан құрамасының бас бапкерін сынады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Спорт
330

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Мостовой Қазақстан командасының бас бапкері Станислав Черчесовтің жұмысы жайлы сөз етті, деп хабарлады madeniportal.kz  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасы Станислав Черчесовтің жетекшілігімен Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, 5 рет жеңілді және 1 рет қарсыласпен тең ойнады. Сондай-ақ ұлттық команда бірде-бір гол соқпай, 6 матчта 15 гол өткізіп алды. Мұндай көрсеткішпен Черчесов шәкірттері B3 тобында соңғы орынға тұрақтап, C дивизионына түсіп кетті. 

Черчесов cекілді Гвардиола да Қазақстан құрамасымен жеңіске жете алмас еді. Станислав қайда бара жатқанын және нәтиже қандай болатынын білді. Қазақтар маған ренжімесін, бірақ олар ешқашан ештеңе жеңіп алмаған және жеңбейді де. Қазақстанда жаңа Месси пайда болмайынша солай болып қалады. Бір қызығы, Қазақстан құрамасы Черчесов келгенге дейін, Магомед Адиев бас бапкер болған кезде жақсы ойнады. Ал қазір тіпті гол соқпай жүр. Шамасы, Станислав жұмыстан қуылып, Ресейге оралатын сияқты, - деді Мостовой. 

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...