Денис Тен туралы кітапты шетелден 1 000 000 адам жүктеп алған

Жаңалықтар
908

"Біздің Денис" кітабының электрондық нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, бір айдың ішінде электронды кітапты  1000000   адам жүктеп алды. Соның ішінде Қазақстан (30 пайыз), Ресей (15 пайыз), Қырғызстан ( 8 пайыз), Оңтүстік Корея (13 пайыз), Өзбекстан (6 пайыз), Франция (8пайыз), Америка (10 пайыз), Түркия ( 3 пайыз), Италия ( 4 пайыз), Канада (3пайыз) және тағы басқа елдердің азаматтары бар. Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты «Біздің Денис» деп аталатын кітап шығарды. Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әр түрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар


author

Денис Тен

ҚАЙРАТКЕР

Парламет дауысы

Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет...

Мемлекет басшысы

Тарих толқында сан ғасырлар бойы қаншама мемлекет құрылып, бірі ескексіз қайықтай бағыты мен бағдары...