Ұлттық музейде Үшқоңырға арналған көрме ашылды

Жаңалықтар
1019

Еліміздің ұлттық музейінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жеріне арналған көрме ашылды.

1 ай бойы өтетін шарада 16 автордың туындылары халыққа паш етілмек. Олардың барлығы «Үшқоңыр» атты Елбасының айтқан сөздер жинағында да жарық көрген.  

Әбілхан Қастеев, Мұхтар Сыздықов, Армат Бектас, Хамза Кикимов. Бүгін Ұлттық музей қабырғасында осы және басқа да танымал отандық авторлардың суретін бір залдан көру мүмкіндігі берілді.  Бұл еңбектерді бір тақырып, бір мүдде  біріктірді. Ол Елбасының туған өлкесі - Үшқоңыр елдімекені. Суретшілер қауымы Президент өмірінің түрлі кезеңдеріне арнаған картиналарын бүгін  бұқараға  паш етті. 

Мұхтар Сыздықов, суретші:

 - Бірінші Президентімізге, Елбасымызға арнап, Үшқоңыр айналасында 4-5 жұмыс салдым. Әдемі табиғатын көрсетіп, бір жағынан өзіміздің Елбасының өлеңін, әке жастық кезіне арнап, шығарма шығардым.

Көрсетілген еңбектердің барлығы ең алдымен «Үшқоңыр» атты жинақтың беттерінде жарық көрді. Кітап былтыр Вячеслав Титиневтың жетекшілігімен Астананың 20 жылдығына орай шығарылған болатын. Мұнда Президенттің өзі айтқан жүрекжарды сөздері басылған. Қазақстандық авторлардың суреттері әр сөзге иллюстрация болды. Айта кетейік, қолданылған картиналардың біразы ескі туындылар болса, кейбір суреттер  осы кітапқа  арнайы салынды. 

Вячеслав Титенев, «Үшқоңыр» жобасының авторы:

  - Президент өзінің бірнеше кітабында Үшқоңыр туралы жазғаны белгілі. Туған жеріне қатысты жақсы айтылған сөздері  жетерлік. Біз оларды бір жинаққа біріктіруді жөн көрдік. Бірақ оқырмандар оны көз алдына елестетуі үшін кітап бетіне суреттерді де басып шығару қажет деп шештік. Еліміздің танымал суретшілеріне хабарласып, осы идеямен бөлістім. Барлығы оны  бір ауыздан қолдады.  

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған суретшілер көрменің ресми ашылу салтанатына жиналды. Шара 1 ай бойы жалғасады. 

Авторлары: Дариға Ташенова, Әділғазы Төлеміс

 

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...