Түркияда ресейлік ұшақ өртеніп кетті

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
30

Ресейлік ұшақ Анталия әуежайына қонғаннан кейін өртенді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Azimut әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағы Түркияның Анталия әуежайына қонғаннан кейін өртенді. 95 адам, оның ішінде 89 жолаушы  дереу эвакуацияланған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Билік ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты ұшақтардың қонуы тоқтатылып, кейбір рейстер кейінге қалдырылғанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, қозғалтқыштың өртенуіне қатты жел себеп болған.

Жаңалықтар

Пәкістанның солтүстік-батысында дінаралық қақтығыстан 80-нен астам адам қаза тапты, деп хабарлайды m...

Жаңалықтар

Жүк ұшағы Вильнюс әуежайы маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Ұшақ құлаған Виль...