Осы жылдың 17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қа...
АҚШ-тан сәлемдеме жеткізген астаналық 18 жылға сотталды
Фото: freepik.com
23
Есірткі таратқан астаналық 18 жылға сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
ОЛ АҚШ-тан сәлемдеме түрінде аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды жеткізген. Қызметтік-іздестіру итінің көмегі арқылы кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасынан 1 кг «гашиш» есірткі заты табылды.
Мониторинг кезінде «Қазпошта» АҚ қалалық филиалдарының бірінде сол алушылардың атына тағы бір сәлемдеменің бар екендігі анықталған. Сәлемдемеде салмағы 7 грамнан асатын күшті психотропты зат – тетрагидроканнабинол және оның изомерлері табылды.
Пәтерін тінту кезінде де есірткі құралдары, орауыш материалдар мен таразы табылған.
Сот шешімімен істің екі қатысушысы 8 және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.