Наурыз мейрамын EXPO аумағында тойлауға шақырады

Жаңалықтар
255

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамын EXPO кешенінің аумағында қарсы алуға шақырады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мерекелік іс-шаралар 21-23 наурыз аралығында өтеді. Ұлыстың ұлы күніне орай аумақта көрнекі декорациялар орнатылып, бірегей ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады.

Мәдени-ойын-сауық бағдарламасына сәйкес «Арт Домбыра» триосы, «Қосалқа» квинтеті, «Тарлан» домбырашылар ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамблі, айтыскерлер, әншілер, би ұжымдары өнер көрсетеді. Ал театр труппасы «Әз-Наурыз – жыл басы» мюзиклін қояды. Сонымен қатар мұражай алаңында қазақтың палуаны Сергей Цырульников күш изометриясын көрсетеді. Сондай-ақ мұражайда  Бұл күні қонақтар дәстүрлі мерекелік тағам – Наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алады. 

Айта кетейік 21-23 наурыз аралығында мұражайға билеттерді 50% жеңілдікпен сатып алуға болады.

EXPO халықаралық көрме орталығында 21-23 наурыз аралығында өтетін Шығыс базары ұйымдастырылады. Мұнда да ауқымды мерекелік бағдарлама өткізіледі. Қонақтарды көпес, батыр, бүркітші және хан сияқты кейіпкерлер қарсы алады. Сауда дүкендері шығыс стилінде безендіріліп, онда саудагерлер отандық өндірушілердің тауарларын сатады, ал қолөнершілер мен шеберлер өз қолдарымен жасалған бұйымдарын ұсынады.

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...