Ерболат Шалдыбековтың «Шырқа, даусым» концерті өтеді

Жаңалықтар
1639

29 маусым сағат 19.00-де «Қазақстан» ОКЗ Камералық залында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков «Шырқа, даусым» концертін ұсынады, деп хабарлайды Мәдениет порталы.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі Ерболат Шалдыбеков – еліміздегі танымал дәстүрлі әншілердің бірі, Жетісудың әншілік-жыршылық мектебінің жарқын өкілі. Оның орындауындағы құлақ құрышын қандырар әндер әдемі әуезбен, терең мағыналы сөздермен өрнектеліп, тыңдарман қауымның ерекше ықыласына бөленген.


Ерболат Шалдыбековтың «Шырқа, даусым» концерті қазақтың әйгілі композиторы К.Әзірбаевтың 135 жылдығына орай өтпек. Концерттің бағдарламасына көпшілік сүйіп тыңдайтын халық әндері, сондай-ақ К.Әзірбаев, Ж.Жабаев, С.Аронұлы, С.Мошанұлы, Т.Момбеков сынды белгілі ақын-композиторлардың туындылары енді.

Концертте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ардақ Балажанова, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен Е.Шалдыбековтың шәкірттері өнер көрсетеді.


Ерекше концерттік бағдарлама, рухани мәні терең әуендер мен орындаушылардың жоғары шеберлігі тоғысқан Ерболат Шалдыбековтың концерті елордалық көрермендерге тамаша тарту болары анық.

madeniportal.kz

author

Ерболат Шалдыбеков

ӘНШІ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...