Данияр Есин «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма т...
ШҚО-да оқушы жарылғыш туралы жалған ақпарат таратқан
Фото: freepik.com
20
Шығыс Қазақстан облысында аудандардағы мектептің біріне жарылғыш қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Полиция қызметкерлері мен кинолог мамандар жұмылдырылып мектепті тексерді. Алайда ақпарат жалған болып шықты.
Күдікті сол мектептің 13 жастағы оқушысы екені анықталды. Жасөспірім әзіл үшін жалған хабарлама таратқанын мойындады.
Оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.