Мерекеге орай Наурыз марафоны өтіп жатыр

Жаңалықтар
260

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында  «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз марафоны өтіп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Іс-шараға Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері,  өнер мен мәдениет, ұлттық спорт өкілдері және ерекше ісі мен ерлігі арқылы көзге түсіп жүрген қазақстандықтар қатысады.

Шарада арнайы құрылған Этноаумақ, түрлі тақырыптағы талқылаулар өткізілетін Дискуссия алаңы, Сұхбат және Ұлттық ойындар алаңы болады.

Дискуссия алаңында түрлі сала өкілдері, отандық этнограф ғалымдар «Наурызнама» (Наурызды заманға сай мерекелеу дәстүрін қалыптастыру), «Ұлттық сезім» ( ұлттық киім әдебі, музыка, кино, спорт, театр саласындағы жетістіктер), «Жаңа заманның адамы» (бүгінгі заман адамы қандай болуы керек?) тақырыптарында талқылаулар өткізеді.  

Айта кетейік шара qazaqstan.tv сайты мен YouTube және Facebook парақшалары арқылы онлайн көрсетіледі.

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...