Танымал продюсер, әнші, медиаменеджер Ерболат Беделхан өнеріндегі соңғы жаңалықтарын бөлісті. Бұл ту...
Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі халықтан сүйінші сұрады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Отандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегі Динара Абдуллина желіде қуанышты жаңалығын жария етті. Актриса бүгінде үшінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады, деп хабарлады madeniportal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Динара Абдуллина бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол белгілі кинорежиссер Талғат Теменовтың 70 жас мерейтойынан видео жариялап, көпшілікке үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін көрсетіп қойды. Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегі отбасындағы қуанышты жаңалықты оқырмандарына барынша астарлап жеткізуге тырысқан.
Мені театрға қабылдаған Талғат ағамыздың тойы. Менде жаңалық көп. Ал сіздер не байқадыңыздар", - деп сұрады актриса.
Бейнежазбада Динара Абдуллинаның іші шығып қалғанын байқауға болады.