Димаш Құдайберген Алла Пугачеваға арналған концертке қатысады

Жаңалықтар
2522

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеуде ресейлік Алла Пугачеваға арналған шығармашылық кеште өнер көрсетеді. 

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше», - деп жазды Димаш. 

Пугачеваның мерейтойына арналған «Подарок для Аллы» концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холлда өтеді. 

Концертте Құдайбергеннен бөлек, Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Светлана Лобода, Валерий Леонтьев және басқа да ресейлік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеште Алла Пугачева мен Максим Галкин жүргізуші болады. 

Айта кетейік, Пугачева 15 сәуірде 70 жасқа толады. Оның репертуарында 500-ден аса ән бар. Естеріңізге салсақ, Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі концерттері аншлаг жинаған болатын.

БАҚ ақпараттары бойынша, әншінің концертіне әлемнің 50-ден аса елінен жанкүйерлер келген.

.24.kz  

Жаңалықтар

Бұл мереке 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының шешімімен бекітілген болатын, деп х...

Жаңалықтар

Ақтауда №10 мектептің күзетшісі бала зорламақ болды деген күдікке ілінді, деп жазады madeniportal.kz...