«Қазақфильм» түсірген 150 фильм әлемге танымал видеосервиске жүктелді

ЖАҢАЛЫҚТАР
2575

Қазақ киносын жаһан жұрты көреді. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген 150 туынды әлемге танымал ең ірі видеосервистердің біріне жүктелді.

Шеттегі қандастарымыз енді 1-қыркүйектен бастап қазақ киногерлерінің туындыларын еш кедергісіз ғаламтор арқылы көре алады. Арасында қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым Қожа», «Тақиялы періште», «Қыз Жібек» сынды шығармалар бар. Аталған фильмердің барлығы көзі қарақты көрерменге қазақ тілінде ұсынылмақ. Қазір арнайы құрылған қор – орыс тілінде түсірілген туындылардың барлығын қазақ тіліне тәржімалап, дыбыстап жатыр. Жалпы отандық фильмдер енген интернет платформаны ай сайын 50 миллионға жуық адам қолданады екен. Оның жеке қорында 80 мыңға жуық видео бар.          

Нұрлан Чукубаев, Видеосервистің Орталық Азиядағы кеңсесінің бас директоры:

- Қазақстанда түсірілген фильмдер көптеген фестивальдарда болады. Біз қалай болып жатқанын сырттан бақылаймыз. Мысалы, жақында Ресейде қысқа метражды фильмдердің байқауы өткен. Сол фестивальда біздің фильмдер жоғары бағалар алған.  

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каржаубай Нұрымов ұлы Шерзаттың өлімі үшін алған өтемақыны балалар үйіне аударды, деп хабарлайды MAD...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова ескі көйлектерін сатып жа...