7 жастағы жалаңаш түскен қызының суретін сатқан анасы ұсталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1417

Ресейдегі Барнаулда кәмелетке толмаған қыздың ар-намысы мен жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы ауыр қылмыс жасаған екі адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Тергеу деректеріне сүйенсек, екі қызды тәрбиелеп отырған 33 жастағы әйел 2024 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 60 жастағы көршісімен жақын араласып келген. Ер адамның өтінішімен ол 7 жастағы қызының жалаңаш суреттерін түсіріп, ақшаға сатып отырған.

Сот шешімімен ер адам 16 жылға қатаң режимдегі колонияға, ал әйел 14 жылға жалпы режимдегі колонияға қамалды. Аймақтық тергеу комитеті балалардың анасынан алынып, қауіпсіз жерге орналастырылғанын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда скринигтің арқасында 215-тен аса науқастан қатерлі ісіктің ерте сатысы анықталды. Бұл турал...