22 маусым күні сағат 12:55-те Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылында 19 маусым кү...
Режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан көшу себебін айтты
Фото: әлеуметтік желіден
Танымал режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан неге кетіп қалғанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бәрі Райымқұловадан басталды. Осындай бір мәдениет министрі болды. Бұрыннан айтып келе жатырмын. Бізде мәдениет мәселесіне немқұрайлы қарайды деп. Бірақ Райымқұлованы министр ету – шектен шығу. Оның мәдениетке қатысы менің мал шаруашылығына қатысыммен бірдей", - деп жазды Тұрсынов.
Режиссёрдің айтуынша, Ақтоты Райымқұлова сол кезде "отбасыға" жақын тұлға болған, ал билікке сондай "көнбіс" адамдар қажет еді.
"Қалай министр болғанын білмеймін. Мүмкін, сол күні төсектен оң аяғымен тұрған шығар. Алдымен «"Қазақфильм" басшыларын кетуге мәжбүрлеп, орнына өз адамдарын қойды. Кейін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын Сәрсенова Г-ға тапсырды. Ол да сол "отбасыға" жақындардың бірі. Осылайша, бұл саланы толығымен иеленіп алды", — дейді режиссёр.
Тұрсынов кино саласында жемқорлық, жалған келісімдер және басқа да заңбұзушылықтар болғанын айтады. Бірақ Сәрсенова бұл істерді жауып, тек айыппұлмен құтылған.
"Қысқасы, нағыз цирк. Аудандық деңгейдегі ұйымдасқан қылмыстық топ сияқты. Айтып отырудың өзі шаршатады. Кәдімгі қазақи трагифарс", - деп жазады ол.